«Менің Отаным Қазақстан»
«Менің Отаным Қазақстан»
білім күніне арналған салтанатты жиын.
Ұстаздардың жарқырап шырақтары
Білім беріп шәкіртке сыр ақтарар.
Кедергісі нарықтың асқынбасын
Тасқындасын білімнің бұлақтары
Ата-ана, шәкірттер мен ұстаздар,
Құтты болсын мерекең.
Шаттық кіріп әр үйге,
Кіре берсін берекең.
Қыркүйектің бірінші жұлдызында Федоровка жалпы білім беру орта мек - тебінде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Жүргізушілер мектеп табалдырығынан алғаш қадам басқан 1- сынып және мектепте соғылған ең соңғы алғашқы қоңырау үнін естіген 11 - сыныптардың сынып жетекшілері мен оқушыларын таныстырды. Сап түзеліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылып, әнұран орындалды.
Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынды мектеп директоры Әлия Адамқызы Қайкенова құттықтау сөзімен бастады. Әлия Адамқызы оқушылардың өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерін айта өтіп, осымен шектелмей келешекте де тек биіктерден көріне беріңдер деген тілек білдіре отырып, жиынға келген қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды “Білім күнімен”,
“30 тамыз Қазақстан Республикасының Ата Заңының 20 жылдық мерекесімен құттықтады. Аудандық «Нұр Отан» партиясының төрайымы Ғалия Нығметовна Аменова сөз сөйлеп, аудан әкімі Жанат Рашидович Шугаевтің атынан тілек айтты. Әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан сыйға «Менің Отаным Қазақстан» оқу құралын Ғалия Нигматовна табыс етті. Салтанатты жиыннан соң 11 сынып оқушылары 1- ші сынып оқушыларын оқу кабинеттеріне дейін шығарып салды.
Салатанатты мерекеден кейін тақырыптар бойынша өткізілді:
1-4 сыныптар «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбына Білім сабағын;
5-8 сыныптар «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік сабағы;
9-11 сыныптар «Мәңгілік ел: бір ел бір тағдыр» тақырыбына Бейбітшілік және келісім сабғы өткізілді.
Бастауыш сынып мұғалімі
Каражанова Нурсулу Байназаровна
Ең жақсысы қуана білу
Ең жақсысы қуана білу
Оқу аяқталып көптен күткен жайдарлы жаз да келіп жетті. Мектебіміздегі «Сәулелер» сауықтыру лагері құшағын жая балаларды қарсы алды. «Керемет» десе керемет!- деп балалардың қуанышына шек жоқ: ойын, демалу бөлмелерінің безендірілгені, яғни түрлі түсті ертегі кейіпкерлердің суреті, хош иісті гүлдері, көркем әдебиетті кітапшалар жинағы, балаларды қуантты.
Тәрбиешілер балалардың бойындағы дарыны мен талантын, қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік жасады. Біздің лагерде жетім және ата- ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер, аз қамтамасыз етілген отбасының балалары тегін демалуда.
«Жылы- жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деген сөзге сүйеніп, әр баланың жадырап жүруіне, жазғы демалысын көңілді, тиімді өткізуіне, әрдайым жылы қатынаста болуына, өзін жақсы сезінуіне, қызықты, күнтізбелік жоспар құруды жөн санадық.
Түрлі байқаулар,сайыстар мен ойындар, қызықты іс- шаралар, денсаулықты нығайтуға байланысты таңертеңгі бой жазу жаттығулары жасалып, екі мезгіл таза ауаға шығарылды. «Біз бәріміз біргеміз», «Нептун күні», , « Аман есен жүрейік, «Көңілді жарыстар» спорттық ойындары өткізілді.
Қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін бекітіп , төтенше жағдайда тәртіп сақтай білу жайлы « Жол ережесін білейік» іс- шараға белсенділікпен қатысты..
« Лагерь аруы», «Бақытты сәт», «Не? Қайда? Қашан?», «Қазақ тілі білімпаздары» байқаулардың жиі ұйымдастырылғаны балаларға ұнайды. Мектеп жанындағы «Бөбек» шағын орталығына қамқорлық акциясымен барып, ертегі қойылымы қойылды. Балалардың қуанышына шек жоқ. Ең бастысы лагерьдегі әрбір күн ең қызықты, есте қалар із қалдырады.
Гүлдей жайнап, тоты құстай таранған,
Кеудесінде сарқылмайтын бір арман.
Алтын күнмен төңкерілген көк аспан,
Бөбектердің күлкісімен жаралған.
Ол бөбектің көзде жанған шырағы
Ата- ананың қуанышы бірінші.
Келешекте осы балаларға үлкен сенім, өйткені менің ауылым сәулеті асқан, дәулеті тасыған руханияты дамыған берекелі де, мерекелі құтты мекенім деп есте қалдыратындай демалыстарын сәнді, мәнді өткізуіне тырысамыз.
Байжунусова А.Ж.
Федоровка мектебі
Качир ауданы